Компанияның мақсаты


Әлемдік деңгейдегі мердігерлік қызметтер нарығын дамыту, өндірістік әлеуетті арттыру және тапсырыс берушілердің қажеттіліктерін толық қанағаттандыратын кешенді сервистік қызметтерді ұсыну.

Компания туралы
«МұнайСервис-Холдинг» ЖШС — 2010 жылы құрылған, Қазақстан Республикасында тіркелген көпсалалы кәсіпорын. Компания мұнай-газ өндіру кен орындарын салу және жайластыру, инженерлік инфрақұрылым объектілерін дамыту, сондай-ақ азаматтық құрылыс саласында кешенді сервистік қызметтер көрсетеді.
Компания жобалау, жабдықтарды жеткізу, құрылыс-монтаж, дәнекерлеу-монтаж, электр-монтаж және іске қосу-баптау жұмыстарын қоса алғанда, жұмыстардың толық циклін жүзеге асырады

МұнайСервис-Холдинг
«МұнайСервис-Холдинг» ЖШС — мұнай-газ саласы мен азаматтық құрылыс бағытында құрылыс және сервистік қызметтер көрсететін сенімді серіктес.
Біз кәсібилік пен жеделдікті үйлестіре отырып, әрбір тапсырыс берушіге жобаның барлық кезеңдерінде жетекшілік ететін жеке менеджерді бекітеміз. Компания құрамында тәжірибелі мамандар мен білікті инженерлер еңбек етеді, бұл жұмыстардың жоғары сапасын және нәтиже үшін толық жауапкершілікті қамтамасыз етеді.
Бүгінгі таңда «МСХ» — құрылыс және монтаж жұмыстарының толық кешенін «кілтке дейін» жүзеге асыратын санаулы компаниялардың бірі. Біз тапсырыс берушіні нысанды дайындаудан бастап, пайдалануға беруге дейін барлық қажеттіліктермен қамтамасыз етеміз.
Компанияның қаржылық тәуелсіздігі мен тұрақты дамуы «МунайСервис-Холдингтің» сенімді әрі тұрақты серіктес ретіндегі мәртебесін айқындайды.
МұнайСервис-Холдинг - бұл
  • Тиімді басқару жүйесі
  • Келісімшарт талаптарына бейімделген тәсілдер
  • Өндірістік инфрақұрылымның дамыған жүйесі
  • Тапсырыс беруші командасымен бірлескен жұмыс
  • Ұтқырлық пен жеделдік
  • Жоғары қарқында тәжірибе мен сапа
  • Білікті әрі үйлесімді команда
  • Заманауи техника мен жабдықтар
  • Барлық қажетті лицензиялар мен рұқсаттардың болуы
  • Қызметтерге тиімді бағалар
Мұнай-газ өндіріс жабдықтарын монтаждау
Мұнай ұңғымаларын жабдықтау
Жалпы құрылыс жұмыстарын орындау
Резервуарларды құбырлармен қосу
Сорғы станцияларын салу
Өрт сөндіру жүйелерін салу
Ұңғымалық жабдықтарды жөндеу және қызмет көрсету
Ұңғымаларды цементтеу, сынау және игеру
Лагерьлерге қызмет көрсету
Арнайы техника жалға беру
Ұңғымаларды жөндеуден кейінгі сынақтар
Болат құбырларды монтаждау
Металл конструкцияларын монтаждау
Электромонтаж жұмыстарын орындау
Электр желілері мен энергия қондырғыларын жөндеу және пайдалану
Қызметтер
«МұнайСервис-Холдинг» ұсынатын қызметтер кешені:
Шыны талшықты және полиэтилен құбырлардан жер асты коммуникацияларын монтаждау
Арнайы техника
Арнайы техника басқару құқығына арналған арнайы сертификаттары бар, оқытудан өткен жоғары білікті жүргізуші-операторлармен бірге ұсынылады.
Бұрғылау қондырғылары, АДПМ-12/150 агрегаттары, жылжымалы сорғы қондырғылары, көпмақсатты бұрғылау қондырғылары, вакуумды автоагрегат-цистерналар, мұнай тасымалдауға арналған жартылай тіркемелі цистерналар, сондай-ақ станок-качалкаларды жөндеу және қызмет көрсетуге арналған агрегаттар.
Тапсырыс берушілер
Біздің компания келесі серіктестермен жұмыс істеу тәжірибесіне ие:
«Тексако Норс Бузачи Инк.»;
«Қаражанбасмұнай» АҚ;
ФМС «Технолоджи Қазақстан» ЖШС;
«Белкамит» ЖШС;
«CNLC International Kazakhstan Inc.» ЖШС;
«Бузачи Оперейтинг Лтд» ФК (акционерлері — CNPC және Лукойл корпорациялары) компаниялары «Солтүстік Бузачи» кен орнында;
«Ком-Мунай» компаниясы — «Комсомольское» кен орнында;
«МаерскОйл Қазақстан Гмбх» — «Дунга» кен орнында;
«СП «Арман»» ЖШС (акционері — Лукойл).
Байланыс
Телефон
тел: 8 (7292) 20 14 54
тел: +7 777 911 1111
тел: +7 701 522 98 55
тел: +7 771 771 88 44

Электрондық пошта
email: too.msh2010@mail.ru
email: hr_munaiserviceholding@mail.ru

Мекенжай
Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы, 17 шағынаудан, Zodiac бизнес орталығы
Made on
Tilda